1. Тәрбиеші топқа кіретін әр баланың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапкершілікке ие.                                                       
2. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмауға тиіс.
3. Жарақаттану профилактикасына назар аудара отырып, барлық күн тәртібі сәттерінде баланың әрекетіне бақылау жасайды.
4. Сабақ өткізу, ойнау, серуендеу, сауықтыру іс-шаралары барысында, балабақша бөлмелерінде, аумағында және балабақшадан тыс жерде іс-шаралар өткізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  
5. Балалардың өз бетінше балабақша аумағынан тыс жерге кетуіне жол бермеу.
6. Бала өз бетінше кеткен жағдайда, оны тез арада іздестіру шараларын қолданады,  меңгерушімен баланың ата-анасын бұл жөнінде хабардар етеді.                                                              
7. Балаларды жалғыз өзін үйіне жібермейді.
8. Балаларды бөгде адамдарға, кәмелетке толмаған балаларға, ішімдік ішіп келген адамдарға бермеу.
9. Егер баланы ата-анасынан бөгде адам алып кететін болса, ата-анасы немесе сенімді адам қол қойған сенімхатты рәсімдеу қажет.
10. Серуендеу орнын кесуші тесуші заттардың,улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың,тікенді ағаштардың болуын білу үшін алдын-ала тексеру.
11. Бала бақша аумағынан тыс жерде іс-шаралар өткізу кезінде, өзімен бірге ерген балалардың санын нақты білу керек. Әлдебір себептермен қалып кеткен балалар туралы меңгерушіге ескертуі қажет.
12. Бала бақша аумағынан тыс жерде серуендеу немесе саяхат өткізу жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң сақтау.
13. Ересек адамдарға жұмыс істеуге қажет барлық өткір және қауіпті заттар (ине,түйрегіш,қайшы,жуу және дезинфекциялаушы заттар) балалардың қолы жетпейтін жерде тұруы тиіс.
14. Сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау.
15. Белгіленген нұсқаулыққа сәйкес балаларды техника қауіпсіздігі ережелеріне үйрету.
16. Жылдың ыстық кезінде күн өтуден сақтау үшін балалар жеңіл бас киім киюі қажет.
17. Бассейінде балалар шағын топ шомылуы тиіс.Тәрбиеші суға бірге түсуі тиіс.
18. Күн ванналары медбикенің белгілеуі және бақылауымен өткізілуі қажет.
19. Кенеттен сырқаттану немесе бақытсыз жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі тиіс.
20. Бала кенеттен ауырған,жарақат алған немесе бақытсыз жағдайда,балабақша менгерушісіне және медбикесіне хабарлауы тиіс.
21. Топ бөлмесіндегі балалардың жабдығы, портреттер, суреттер, шкафтар, сөрелер қабырғаға немесе еденге бекітілуі тиіс.
22. Баланың бойымен деңгейлес жерге ілгек, шеге қағуға болмайды.
23. Бөлмені рәсімдеуге ине, түйреуіш, қыстырғыш және басқа өткір заттарды пайдаланбауы керек.
24. Еденге немесе қабырғаға бекітілмейтін өсімдіктер бөлмесіне арналған тұғырлардың тұрақтылығын тексеру.
25. Баспалдақтарда ,шкафтардың үстінде, дәретханаларда гүл отырғызылған түбектерді қоюға болмайды.
26. Эвакуациялық шығу жолдарының есіктерін бекітпеу керек.Олар баланың бойынан жоғары деңгейде іштен ашылатын ілмекпен жабылуы тиіс.
27. Балаларды эвакуациялау жоспары бойынша қызметтік міндеттерді білу.
28. Өрт,сейсмикалық қауіпсіздік ережелерін білу мен орындау.
29. Өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалана білу.
30. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты білу мен қатаң сақтау.
31. Осы нұсқаулықты білу мен орындау.

▲